Неруданың теңеулері сықылды
тосын, өткір, жалынды, әрі ұтымды
азамат ол,
қамалды да түрмеге
халқы алдында парызынан құтылды.

Бүгін әлем шулап жатыр бүтін бір,
соңғы хабар түнгі ауаны түтіп жүр.
Әділеттің айдарына үкі ілдір –
дүниенің әділ соты, үкім қыл!

Корваланға кешсең, Ана, сүтіңді
өңге ешкімнен іздемейді ол бітімді.
Күні өтсін деп Прометей сықылды,
Чили-тағдыр, кесіп пе едің үкімді?!

Сол торғайды, Чили, сені! Көпіріп
өзеуресін өсекшілер өтірік...
Отан қорғау – он есе ерлік, он есе,
сол Отанның түрмесінде отырып.

1978