Мезгіл өзі алдаса,
алданайық, тайсалма.
Ұйқы қайда болмаса,
болады екен ой сонда.

Шылым тарттық сол үшін,
ойлау үшін ұдайы.
ойлау содан борышым,
ой дегенің — уәйім.

Заман жақсы, ел өсті,
тұрмыс кетті оңдалып.
Қайғысыздық емес тек
қарынның тоқ болғаны.

Сонда да бар жан нелер,
сонда да бар бір қайғы:
ойланбайтын пенделер
ойландырмай тұрмайды.

Уәйім бар, шыдайын,
уәйімнің көп түрі.
Ең мықты бір уәйім —
уәйімнің жоқтығы...

1969, 1982