Көлгірліктер туралы тек көл айтсын,
Биіктіктер туралы, тау,
Сен айтшы.
суайттықтар туралы айтса – су айтсын,
Қаталдықтар туралы айтса – шың айтсын.

Құлан айтсын, айтса қырдың қайғысын,
жылан айтсын жымысқылық жәйлі шын.
Қыран айтсын аспан жайын,
бозторғай,
өзің айтшы бұта жайын, байғұсым.

1969, 1982