Жасалатын жамандықтар көп бізде,
жамандықтан да әрегірек кісіге.
Жасалатын жақсылық та көп бізде
жақсылықтың керегі жоқ кісіге.

Сөкпе мені, артық айтсам, сөкпе, елім,
сүйеніш жоқ берері көп кісіге.
Айтатұғын ақылым да көп менің,
сол ақылдың керегі жоқ кісіге.

1969, 1982