Ес, ес, Самал, ес үдеп,
есіп, есіп тоқташы,
қиратайын ба осы деп
қимылдаттың шөп басын.
Күштісің-ау жеңілге,
ауыр болғың келеді.
Білем, Самал, сенің де
дауыл болғың келеді...

1969