«Водолаз» болып жасырынып,
ой деген терең теңізден,
көп сүңгіп, маржан-асылды
мен таппадым, сен ізде.

Теңізде нем бар, теңізде!
Альпинист болып тегі ізгі,
шыңдарға шығар жол іздеп,
мен таппадым, сен ізде.

Дәрігер болып сезгір бір
Іздедім, әттең,
негізгі
күре тамырын мезгілдің
мен таппадым,
                 сен ізде...

1969, 1982