Домбыраның ішегі мен пернесі,
мақал менен өлеңді бабаң еккен жерге осы.
Суырып сап солардың айтқан сөзін табанда
Ұялып қап жүрмін мен он күн ойлап таба алмай.

Қелген жауды алыстан өзін-өзі зор тұтып,
шұбыртып-ақ қайтарған шоқпарымен қорқытып.
Бабаң байтақ даланы сойылмен-ақ қорғаған,
қорғай алмай жүрме сен зеңбірекпен, бомбамен
Домбыраның ішегі мен пернесі.

1969, 1982