Кен құсап алынған
тереңге бұрғы сап,
тебіреніп жазылған
бір шумақ жыр құсап.

Келдің сен,
жоқ менде
айтар сөз түрленіп,
тандайым кепкенде
бір жұтым су болып.

Келдің сен... күткен көп
жыр томым боп келдің:
бүгінім біткенде,
ертеңім боп келдің.

1969, 1982