Жүрегіңде бір тамшы қан болса егер,
Бар денеңді айналып ол жол шегер.
Мен де осынау тамшы қанға барабар,
Туған жердің тұлабойын аралар.
Менің демім баяу ғана бір алған –
Күрсіну мен сүйсінуден құралған.
Арман, арман алға бұрды бетімді,
Нені қусам – сүйем соған жетуді.
Мен кідірсем терім сүртіп бір сәтке
Бүкіл дүние тұрып қалар секілді!

1963