Сүю үшін жүр ғой жұрт кеңес сұрап,
сүйетін жан былай сүй демес бірақ.
Саған ұқсас қыз көрсем – айрылғым жоқ,
бұл, әрине, мықтылық емес, шырақ.

Жанарыңды қоя тұр дөңгелетпей,
көздің жасы тұр қазір емге жетпей,
саған ұқсас қыздарға – осалдаумын,
(мықты болғым кеп жүрген мен де жоқ қой).

Бәрі – сүю,
құдайым оңдасын тек,
жанса – жансын жүректер, тоңбасын тек.
Саған ұқсас қыздардың сүйем бәрін,
маған ұқсас жігіттер болмасын тек.

1967, 1982