Кесірлі ойын кей жанның тез ұқпаған
Кездерімде керемет төзіп бағам.
Ондай шақта жүдеген жүзімді мен
Қабағынан жарымның сезіп қалам.
Асау күшін өлшейді қазығымен,
Осал табар сөз астын қазып үнем.
Астын қазсаң – су шығар бір жол жазсам,
Ұғам оны достардың әзілінен.

1967