Бір шумақ жаздым,
дес бермей
мақтады достар: «пай-пай-пай».
Ыссылап суға түскендей
рақаттандым: хай-хай-хай.

Бес дастан жаздым, құрсыншы,
жақсы жаздым-ау, байқаймын.
Балғалады кеп бір сыншы,
айтпайды ешкім «пай-пайды».

«Жақсы ақындар сөйлесін,
жақсы ойға ақын бай тіпті».
Бақсам, мұны кей достым
көңілім үшін айтыпты.

Қоңыр ой кеп басқа мың,
қоңырайып қалған жан.
Өтірігіңнен, достарым,
өмір, сенің балғаңнан.

1970