...Сол бір кеш тілге келгенде
сертіңді сезгем мен сенің.
Кемесі – сенім кеудемде,
көтерші, бақыт желкенін!
   Ондағы шөптер қурады
сан жылдың аштық есігін
Өнер мен өзің туралы
тербеймін ойдың бесігін
   Жас өмір гүлдей көктеді,
бұлбұлдай сайрап ұш, өлең.
...Болсам да жұлдыз көктегі
сен үшін жерге түсер ем!

1960