Дән еккенін мақтан етіп жүр біреу,
алты әлемді аттап өтіп жүр біреу.
Уа, құрбылар,
Шын бейнетқор шешелер,
Сөзім сендер туралы емес – кеше гөр.
Нағыз ерлер атқарса еңбек-борышын,
пысық, жалқау мақтанады сол үшін,
Соның көбі атаққа бар, атқа бар,
түк бермей-ақ алғанымен мақтанар.
Шүкір! Қазір жомарт біздің ел мен жер –
ал, алып қал, алу үшін келгендер!
Кімді мұқат ерік өзіңде, кімді алда –
Өтінем тек: ештеңеңмен бұлданба.
Алған түгіл, ойлап көрші, ер көңіл
жомарт жандар елей ме екен бергенін?!
Біз бәріміз – алушылар жерде бұл,
Жарылқаушы – табиғат боп тұр әлі:
Қайтер едің аспан сатса ауасын,
Күн бұлдаса қайтер едің шуағын?!

1980