мыртта дауыл болып

жынданар,

Оқпен атсаң – естіледі құлаққа,

Отқа жақсаң – ұшқын ұшар жыраққа,–

Осылайша, кеңесіпті бір апта.

Нарцисс сын-ды тозған рух, денеге

Не бұйырсын – қалған жұртқа өнеге!

Пенделерге қаза үлесу – немене,

Құдайларға – жаза кесу немене:

түйілді де бір түсінік боп бәрі

Ұлы Зевс алдына кеп тоқтады.

...Сөйтіп, бәрі баталасты,

беттесті:

«бұ да өле ғашық болсын!»– деп кесті.



Тау шегініп көз ұшына кетті алыс,

алыс жаққа бұлт жасады аттаныс.

Жасыл орман – жайқалмады о да енді –

бұта қурап сидаң қаға жөнелді,

Жел де еркелеп еспей қалды, тып-тымық,

тозаң ұйып, кетті гүлді бұқтырып;

Жартас-шыңға әрі сұсты, тұл әрі

әлсіз толқын басын ұрып құлады.

Тау қыраны тауықпен бір қонақтап –

тақпақ айтты ел тоқылдақты мадақтап;

тұлпар ақсап,

бұлбұл мылқау күйге енді,

аққу құсқа қарға зорлап үйленді.

Табиғатта ажар азып, әр тайып,

бояу біткен кетті кенет қартайып.

Отырсың-ау оқсаттым деп марқайып,

Уа, құдырет,

енді өзің де тарт айып!

Ал, Нарцисс ше?

Бәрібір ол ешкімді

Сүйе алмады – күрсінгені естілді;

Серіктері – шөл мен аштық – күні өтті,

Танымасын тағдыр тасқа түнетті;

Қаңғыбастың үмітімен, баяғы

азабын ап ажалына таяды,

Сай-жыраның кеуіп қалған тандыры –

Меңіреу дала. Қу дүние қалғыды...



Кенет, алда тұнба жатты...

енді-енді

Өлімші жан аузын сала берген-ді,

Қалт тоқтады...– әсерлемей жазайьқ –

Судан ол бір бейне көрді ғажайып,

Жігіт аң-таң: неткен әсем түр еді!–

Тұңғыш мәрте шымыр етті жүрегі.

Бұ не, тапқан соры ма іздеп, бағы ма,–

Қарады ол тағы, тағы, тағы да:

Не тұлғадан, мін таппайсың, не беттен –

Сүймек болып ұмтылды есер,

Кенеттен,

бір дір етіп ғайып болды бейне әлгі,

Орынында майда толқын айналды.

Сүгіретке ғашық болып судағы,

Қаны кепкен жүрек босқа тулады,

Жүзі солып, ерні кеткен тілініп,

Жігіт, солай тұрды суға үңіліп.

Ғажап мүсін!

Жоғалады ол да, әне,

тұнба жүзі жыбыр етсе болғаны,

Сондықтан ол тыныш қойды су бетін –

Көру үшін судағы өз суретін,

Содан өзге түк көрмеді көзі де,

Түскен пәнде Құдайлардың тезіне –

жаны жидіп, ет-бауыры езіле,

ғашық болды. Бірақ кімге? Өзіне!



Бұдан ауыр жаза жоқ-ты, тегінде,

Сонау алыс Құдайлардың елінде.

Сұлуды да сүйе алмаған пақырың

Суда тұрып шөлден өлді ақыры.

Суда тұрып шөлден, солай, өлгенде,

Қайғылы бір гүл өсіпті сол көлде –

Суға түсті мұңды, сарғыш сүлдесі,

Нарцисс атап кетті халық гүлді осы.

(Шіркін, шіркін, екеуімізге, досым-ай,

Қыз-келіншек ғашық болса осылай,

біз де сүйе салар ек қой, бұ да анық:

Кім жапсырар махаббатты күнә ғып,

Моламызға шөп өссе де жарар ед,

ал, егер де түк өспесе – құба-құп)

Уа, махаббат! Пірім сенсің сүйенер!

Тек өзіңді өзің сүймес үшін де

Өзгені көр өңіңде де, түсіңде –

Саған айтам, аталы дос, киелі ер,

Уа, сүйе гөр, өзгелерді сүйе гөр!



6. С ы н



Күрсінуі Құдайдың – ауыр тірлік:

бұлт күркіреп,

су тулап,

дауыл тұрды.

Қорқақтау бір Құдайға кәрі Зевс

өп-өтірік асасын ала ұмтылды.

Жоқ, ұрмайды ешкімді, ештеңені,

Көп көзінше әншейін сес береді.

Алдау керек еді деп өкінді қарт –

Құдайға да кейде ақыл кеш келеді.

Өкінетін түгі жоқ;

Күштен гөрі

батқан оған әлсіздің тістенгені.

Күрсінді қарт: Құдайлар ұшып кетті

Қиқым-қоқым секілді үстелдегі.

Зевске де қорқақтар ұнамады,

айтқан емес ол жайлы бірақ әлі.

Кенет Құдай ақталды: «күрсіндім,– деп,–

Құдайлардың салмағын сынағалы»

Сол дәстүрден қалса егер бір-бір сынық:

Қорқақтар көп жағынар білгірсініп,

Сынау үшін салмағын сондайлардың

Көрсең еді сен де, аға, бір күрсініп.



7. А п о л л о н



Аполлон да шынында жігіт бопты бір қызық,

Құдай бопты Олимпке ол да әмірін жүргізіп,

Әу басында байсалды адам екен бұл өзі,

Құдай болып алған соң өзгеріпті мінезі.

Сұлу екен өзі асқан,

Мерген екен масқара,

Оғын, әттең, атпаған сұлу қыздан басқаға:

бір сұлудың – әзілі,

бір сұлудың сырты ұнап,

алтын жебе күн-түні ұшады екен зырқырап,

Серілікпен қыз аулап аспан жақты көп кезді

бақытты ғой серісі әлименті жоқ кездің,

Құдай болу, сонда да, жаман жұмыс осы деп,

достарына кешқұрым шағады екен есінеп.



Қыз аулаудың соңында сол Аполлон бір күні

оқиғаға кез бопты қайғылы, әрі күлкілі:

бір сұлуды көре сап шірей тартты садақты,

шірей тартқан жебесі тимей кетті,

тағы атты;

тимей кетті тағы да...

тағы да бір жебе алды,