Жұмекенге

(50 жасқа толуына)


Жұмекен қалада өстің, құмда туып,
Ауылдан ерте кеттің өнер қуып.
Жүргенде алдан талай үміт күтіп,
Ауылды тік тұрғызды хабар суық.

Өнерден армандаған қалыспадың,
Дамыды творчестволық табыстарың.
Таласып шыңға шыққан кезеңіңде,
Мәңгіге туған жерден алыстадың.

Кім айтпас еңбегіңді көре-тұра,
Өлеңнен алған жоқсың мойын бұра.
Жасаған аз ғана жыл өміріңде
Қалдырдың кейінгіге үлкен мұра.

Отаның бағалады еңбегіңді,
Құрметтеп елу жасқа келгеніңді.
Өмірдің қысқалығы қиып кетті,
Халқыңа бойыңдағы бермегіңді.

Ауылың мүшеліңді тойлай берсін,
Ұрпақтар өміріңді жалғай берсін.
Есімін ел есінде нық сақталып,
Өзіңе жыр жолдарын арнай берсін.